Қазақстандық журналистер теннистен Әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

244

26 қыркүйекте Хорватияның Пореч қаласында журналистер арасындағы теннистен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстандық журналистер теннистен Әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Журналисттер арасындағы теннистен әлем чемпионатында Қазақстан намысын 5 теннисші қорғады. Нәтижесінде, ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль түсті.

Қазақстан құрамасындағы жалғыз алтынды Қуандық Шынасылов (Zakon.kz) иеленді. Ол 55 жасқа дейінгі "фьючерс" санатындағы жекелей сында жеңімпаз атанды.

Осы санаттағы жұптық сынның қола медалі "Atameken Business" журналисті Даниил Москаленкоға бұйырды. Тағы бір қола медальді КТК арнасының журналисті Талғат Қалиақпаров жеңіп алды.

55 жасқа дейінгі "фьючерс" санатындағы жекелей бәсекеде "Хабар" телеарнасының тілшісі Сабит Байбусинов күміс жүлдені иеленді.

Ал әйелдер арасындағы жұптық сайыста "Мастерс" санатындағы күміс медаль "Комсомольская правда – Казахстан" газетінің өкілі Галина Выборноваға бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу