Қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

197

Қоржынымызда 7 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль бар. 

Қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды Фото: Qazaq Aquatics

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында кезекті жеңістеріне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл күндері "Qazaq Aquatics" республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен су спорт түрлерінен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстандық спортшылар жүзу, суға секіру және су полосы бойынша жоғары нәтиже көрсетуде.

Еске сала кетейік, құрлықтық додада Қазақстан намысын 111 спортшы қорғауда. Су спорт түрлерінен Азия чемпионаты 2026 жылдың 16-25 шілдесі аралығында өтеді.

Қазақстандық жүзушілер жекелей және эстафеталық сайыстарда 16 медаль жеңіп алды.

Жалпы нәтиже:

6 алтын
7 күміс
3 қола

Алтын медаль иегерлері:

Данил Чужинов – 200 метрге кешенді жүзу;
Александр Румынский – 100 метрге және 200 метрге арқамен жүзу (200 метрде жарыс рекордын орнатты);
Анатолий Руденко – 100 метрге және 50 метрге брасс әдісімен жүзу;
Қазақстанның ерлер құрамасы – 4×100 метрге кешенді эстафета.

Күміс және қола жүлделерді Александр Миронычев, Дарья Чеснокова, Фёдор Диденко және Қазақстан құрамасының эстафеталық командалары жеңіп алды.

Сонымен қатар қазақстандық спортшылар бірнеше дисциплинада 4–7 орындарды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасы суға секіруден 6 медаль еншіледі.

Жалпы нәтиже:

1 алтын
3 күміс
2 қола

Жүлдегерлер:

Александр Подлесный – 1 метрлік трамплин;
Александр Подлесный – мұнарадан секіру;
Александр Подлесный – 3 метрлік трамплин;
Эмиль Касимов пен Илларион Авченко – 3 метрлік синхронды секіру;
Тимур Гассюль – мұнарадан секіру;
Эмиль Касимов – мұнарадан секіру.

Қазақстан құрамасы үш жас санатында өнер көрсетті.

Су полосы

Ерлер құрамасы

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде сенімді ойын көрсетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Нәтижелері:

Қазақстан – Гонконг 23:3
Қазақстан – Шри-Ланка 32:2
Қазақстан – Таиланд 22:2
Қазақстан – Жапония 12:14
Қазақстан – Иран 11:5

Әйелдер құрамасы

Қазақстандық ватерполшылар айналмалы жүйедегі жарысты жалғастырып жатыр.

Өткен кездесулер:

Қазақстан – Жапония 8:19
Қазақстан – Таиланд 6:9
Қазақстан – Сингапур 21:7
Қазақстан – Шри-Ланка 25:2

22 шілдеде Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай командасына қарсы ойнайды.

"Qazaq Aquatics" республикалық қоғамдық бірлестігі барлық спортшыларды, бапкерлерді және жанкүйерлерді жарқын нәтижелерімен құттықтайды. Ұлттық құрамамызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу