Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды

366

Азия чемпионатына 33 мемлекеттен 627 спортшы қатысып, жүлде үшін бақ сынауда.  

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды Фото: gov.kz

Таиландтың астанасында жүзуден жас ерекшелік топтары арасындағы 12-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

17–23 шілде аралығында ұйымдастырылған құрлықтық додаға 33 мемлекеттен 627 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күндерінде Қазақстан құрамасының спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Шығыс Қазақстандық жүзушілер де үздіктер қатарынан көрінді.

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Мансұр Айтқалиев 4×100 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды.

Ал жарыстың үшінші күнінде Анатолий Руденко 4×100 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдегер атанды.

Азия чемпионаты әлі жалғасуда. Алдағы күндері спортшылар жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу