Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Асанхан қоссайыс қорытындысы бойынша 269 келі көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 119 келіні, серпе көтеруде 150 келіні еңсерді.
Алтын медаль Таиланд өкілі Витчая Пратхумтаға бұйырды. Ол қоссайыста 273 келі (119+154) нәтиже көрсетті.
Үздік үштікті Иран спортшысы Реза Замани түйіндеді. Оның қорытынды көрсеткіші – 268 келі (122+146).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу