Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатына аттанды

304

Норвегияның Фёрде қаласында 2-11 қазан аралығында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатына аттанды Фото: Ауыр атлетика федерациясы

Дүбірлі додаға 87 елден 477 спортшы қатысуда.

Қазақстан құрамасы да жарысқа 4 спортшысын қосты:

  • 6 қазан – 79 кг салмақта Пётр Хребтов (В тобы, 20:00) және Едіге Емберды (А тобы, 22:30);
  • 7 қазан – 88 кг салмақта Әлібек Рахымберді (В тобы, 15:00);
  • 10 қазан – 110 кг салмақта Сұлтан Мейрам (С тобы, 15:00).

Ұлттық құрамаға тәжірибелі бапкер Дәурен Бекмұханбетов жетекшілік етуде.

Чемпионат қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, жүлде үшін таласуға үлкен мүмкіндік болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу