Қазақстандықтар ақылы жолдармен жүргені үшін 100 млрд теңгеге жуық қаржы төлеген

565

2025 жылы жүргізушілер ақылы жолдармен жүргені үшін шамамен 87 млрд теңге төлеген.

Қазақстандықтар ақылы жолдармен жүргені үшін 100 млрд теңгеге жуық қаржы төлеген Фото: qaj.kz

Ал биыл жылдың басынан бері түскен қаражат көлемі 95 млрд теңгеге жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Биылғы жоспарымыз – 100 млрд теңге. Меніңше, бұл көрсеткіш шамамен 105 млрд теңге болады. Барлығы көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты", – деді ҚазАвтоЖол басшысы Дархан Иманашев.

Сонымен қатар Дархан Иманашев ауыр жүк көліктеріне бөлек мемлекеттік нөмір беру қарастырылып жатқанын жеткізді. Қазір елімізде ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына қатысты шектеу шаралары әзірленуде.

Компания басшысының айтуынша, ауыр жүк көліктерінің республикалық маңызы бар жолдарға шығуы алаңдатарлық мәселе. Себебі шамадан тыс салмақ жол жабынының бұзылуына әкеледі.

"Қазірдің өзінде салмағы 200 тоннадан асатын көліктердің автомобиль жолдарына шыққаны тіркелді. Атап айтқанда, салмағы шамамен 204 тонна болатын көлік болған. Мұндай салмаққа ешбір жол жабыны төтеп бере алмайтыны түсінікті. Салыстыру үшін айтсақ, бұл шамамен үш жарым теміржол вагонының салмағына тең", – деді Дархан Иманашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу