Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды

114

Әлем чемпионатындағы жарыстар 16 тамызға дейін жалғасады.  

Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды Фото: olympic.kz

Бүгін, 12 тамызда Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Ұлттық құрама сапында Салима Ақылбек, Виктор Друзин, София Ихшенко, Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Жанерке Нұркенқызы, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова және Тахмина Заирова өнер көрсетеді.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы техникалық бағдарламада және командалық сайыстың техникалық бағдарламасында бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу