Ұлттық банк экономикаға берілген несиелер бойынша кезекті мәліметті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 23,4%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 49,1 трлн теңге болды. Қарыз алушылардың санаттары бойынша 23,0 трлн теңге немесе кредиттердің жиынтық көлемінің 46,8%-ы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің бизнес мақсаттарына алынған. Тағы 26,1 трлн теңге немесе 53,2% халыққа берілген.
Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, биылғы қаңтарда халыққа берілген кредит көлемі 22,4 трлн теңгені құраған.
"Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 43,7 трлн теңгені (89,1%), шетел валютасында – 5,4 трлн теңгені (10,9%) құрады. Банк секторының кредиттеріне қарыздың жалпы көлемінің 85,5%-ы тиесілі", – деп хабарлады Ұлттық банк.