Қазақстандықтар енді елдің өнеркәсіп кәсіпорындарына саяхаттай алады

2993

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Eurasian Resources Group (ERG) өнеркәсіп кәсіпорындарына туристік бағдарлар ашып отыр. Енді кез келген жан әйгілі "Комсомолка" пешінің жанында селфи жасай алады.  

Қазақстандықтар енді елдің өнеркәсіп кәсіпорындарына саяхаттай алады

Тура мағынасында көпті көрген туристің көңілінен шығып, оны таң қалдыру бүгінгі күні оңай шаруа емес. Бүкіл әлем турзим саласын дамыту мақсатында тың бағыттар мен бағдарламалары ойлап табуда. Бұл саладағы соңғы уақытта дүниежүзінде қызу дамып, кеңінен таралып жатқан өнеркәсіп турзимнің орны бөлек. Жалпы дамыған және дамушы елдер соңғы уақытта аталған бағытқа көп көңіл бөлуде. Туризмнің бұл түрі әсіресе Батыс Еуропада кең таралған.

Еліміздегі қуатты компаниялардың бірі ERG өнеркәсіптік туризмді дамытуды қолға алған. Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай компания еліміздің кәсіпорындарына өнеркәсіп турларын ашып отыр. Пилоттық жоба ретінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытына ("Қазхром" ТҰК" АҚ) саяхат қолжетімді. 1,5 сағатқа шақталған экскурсия барысында туристер 78 жыл бұрын алғаш рет металл балқытып, әлі күнге тұрақты жұмыс істеп келе жатқан әйгілі "Комсомолка" пешін көре алады.

Ең негізгі шарт – әрбір турист міндетті қауіпсіздік ережелерімен танысуы тиіс. Зауыттың кіре-берісінен басталатын саяхат барысында келушілерге гид өндіріс орнының тарихын таныстырып, өндіріс қалдықтарының қалай өңделетінін айтып береді. Бұдан бөлек, жаңа цехта бір өзінің қуаты білдей бір жеке кәсіпорынға тең тұруға қауқарлы замауаи пештер жұмысын тамашалауға болады. Сонымен қатар темірді балқытатын металлургтермен көзбе көз тілдесіп, мамандықтың қыр-сырымен танысу мүмкіндігі де бар.

Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажановтың айтуынша, туристік бағдарламаны аша отырып компания өзінің имиджін көтеру мақсатын ғана көздеп отырған жоқ. Ондағы мақсат – ERG-дің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін жұртшылыққа паш етіп, маңызды жобалармен таныстыру.

"Өнеркәсіп кәсіпорындарына туристік бағдар ашу – тек имидждік жоба емес. Біз Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерімізбен көпшілікті таныстырғымыз келеді. Сонымен қатар біздің маңызды стратегиялық жобаларымыз, әсіресе Экологиялық бағдарламамызды басты назарда болмақ. Бұл бір жағынан "танымдық жоба" деуге келетін шығар. Себебі туристер темір мен көмір кеніштерін игеру барысын өз көздерімен көріп, алюминий мен феррохром өндірісімен жақын таныса алады", – деді ол.

Айта кетерлік жайт, компания саяхаттың виртуалды түрін де ойластырған. vtour.erg.kz сілтемесі арқылы өтіп кез келген жан Еуразиялық Топ құрамындағы карьерлер, зауыттар мен кеніштерді онлайн аралай алады. Арнайы іске қосылған бұл сайтта балалар мен ересектерге де қызықты болар Ержігітпен онлайн ойын ойнауға болады.

Келесі жылы ERG туристерге "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ (ССКӨБ), "Қазақстан алюминийі" АҚ Павлодар алюминий зауыты, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ) мен "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ "Шығыс" кенішінің есігін ашуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Eurasian Resources Group – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу