Қазақстандықтар кімге және қандай дәрі-дәрмек тегін берілетінін нақты білуге тиіс – Үкімет басшысы

460

Емханада есепте тұрған қазақстандықтар қымбат дәрі-дәрмектің жетіспеуі туралы шағым түсіріп жатыр. 

Қазақстандықтар кімге және қандай дәрі-дәрмек тегін берілетінін нақты білуге тиіс – Үкімет басшысы Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Олжас Бектенов халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тағы бір маңызды мәселе – сирек кездесетін аурулары бар науқастарды қымбат препараттармен қамтамасыз ету туралы

"Бұл жұмысты жақсарту үшін республикалық орфандық аурулар орталығы құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, мұндай науқастарды емдеу тәсілдері қайта қаралуда. Өздеріңіз білетіндей, емханаларда есепте тұрған азаматтар үшін қымбат препараттардың жетіспеуіне байланысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Министрлік мұндай пациенттерді нақты бақылап, аталған дәрілік заттарға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуі қажет. Ешкім көмексіз қалмауға тиіс", – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, орфандық препараттарды сатып алуды қаржыландыру тізбесі мен көздерін айқындап алуды тапсырды.

"Сонымен қатар, "Әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы дәрілік заттарға электрондық ваучерлер алу бойынша жақында қолданысқа енгізілген процесті тездетіп аяқтау қажет. Бұл тегін дәрі-дәрмек беру рәсімдерін қысқартады. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жұмысты күшейтуі қажет. Жұртшылық кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін берілетінін нақты білуге тиіс", – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу