Қазақстандықтар мемлекеттік органдармен дауларда жиі жеңіске жетеді

Төрт айдың ішінде судьялар жалпы сомасы 6 млн теңгеге 175 айыппұл салды. 

Қазақстандықтар мемлекеттік органдармен дауларда жиі жеңіске жетеді

Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Канат Мусин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дауларды шешудің нәтижелері қандай және кімнің пайдасына шешімдер шығарылады? Әкімшілік соттардың ең бірінші міндеті – мемлекетпен даулар бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау. Әкімшілік рәсімдік-процесі күшіне енгелі процеске қатысушыларды, соның ішінде мемлекеттік органдарды айтарлықтай тәртіпке келтіреді. Төрт айдың ішінде судьялар 175 ақшалай жаза тағайындады. Өндіріп алынған жалпы сома шамамен 6 млн теңгені құрады", – деді спикер. 

Оның 5 млн теңгесі бюджетке түскен. Бұл жазаның ерекшелігі – сот шешіміне шағымдануға болады. Сондықтан қазір айыпталушылар мен мемлекеттік органдар тәртіпті күшейткен.

"Өйткені ақшалай айыппұл мөлшері 10-нан басталып, 100 АЕК-ке жетеді. Мысалы, мемлекеттік органдардың және жалпы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне сот арқылы 97 жаза қолданылған. Соның ішінде бір министрлік комитетінің төрағасы, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің бастығы бар. Яғни бұл жерде қарапайым жұмысшыларды айтып отырған жоқпыз. Әкімдік қызметкерлеріне 58 ақшалай айыппұл салынды, оның ішінде алты қала әкіміне, бес аудан әкіміне және үш аппарат басшысына", – деді сот алқасының төрағасы.

Бұл ретте ол қабылданған реформалардың ерекшелігі – әкімшілік органмен немесе лауазымды тұлғамен бітімге келу мүмкіндігі барын атап өтті. Бұрын қолданылған заңнамада мұндай болмаған. Яғни адам мемлекетпен дауласса, ол не жеңіледі, не жеңді. Бірақ бұрын жеңіс бар болғаны 15%-дан аспайтын. 

"Қазір халық пен мемлекеттік орган өкілдерінің татуласуы жиіледі. Өткен төрт айда барлығы 546 іс татуласу тәртібімен аяқталды, яғни судьялар 546 бітімгершілік келісім бекітті", – деп қорытындылады Канат Мусин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу