Қазақстандықтар Наурыз мейрамы қарсаңында OLX.kz-тен не іздейді

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
3288

Еліміздегі ірі сауда алаңдарының бірі наурыз айында ел тұрғындарының қандай тауарларды жиі іздейтінін анықтады.

Қазақстандықтар Наурыз мейрамы қарсаңында OLX.kz-тен не іздейді

OLX.kz жылдағы дәстүрмен Қазақстан тұрғындарынан Наурыз мейрамы қарсаңында қандай тауарларға сұраныс артатынын анықтап, арнайы топтама әзірледі.

Еске сала кетейік, OLX.kz-тің былтырғы топтамасында онлайн-сатып алушылар тұрмыстық және авто қызметтерді, мұздатқыштарды жөндейтін мамандарды, сондай-ақ моншаларды көп іздеген болатын. Ал биылғы мереке қарсаңында сауда алаңын пайдаланушылардың көбі пәтер іздеген. Сондай-ақ пәтер сату, жалға беру, гардероб заттарын сату туралы хабарландырулар жиі берілген. Пәтердің жайы түсінікті. Демалыс уақытында пәтер жалға берушілердің қызметіне сұраныс күрт артады. Сол секілді гардероб заттарын сату да осы уақытта қыза түседі. Өйткені, халық мерекелік шараларына киіп баратын ұлттық нақыштағы киімдерді іздейді.

Сонымен қатар, OLX.kz қолданушылары мереке қарсаңында жекеменшік үйлерді іздеу, жүргізушілерді жалдау, қайталама қолданыстағы электрониканы жөндеу мен сату, сондай-ақ түрлі тұрмыстық заттарды сатып алу қызметтерін де мейлінші көп іздейді екен. Бұдан әрі бұл қатарды қызметкерлерді жалдау, үйге арналған түрлі тауарлар мен логистика бойынша қызметтерді сату толықтырып отыр.

Биылғы жылдың трендертін сараптаған OLX.kz сарапшылары сұраныстардың негізгі бөлігі өзгеріссіз қалғанын алға тартып отыр. Дегенмен мереке күндері Қазақстан тұрғындары табиғатта белсенді демалуға және денсаулықтарына аса мән беретіндері байқалды. Өйткені "Хобби, демалыс және спорт" категориясында бұған дейін сұранысқа ие болған музыкалық құралдар мен кітаптардың орнын велосипедтер, палаткалар және спорт залына арналған абоненттер басқан.

Наурыз айында Қазақстан бойынша OLX.kz-тағы негізгі 10 категорияға кіретін ең танымал қызметтер топтамасы төмендегідей қалыптасқан:

1. "Қызметтер" бөлімінде сантехниктер мен автокөлікті жалға алу қызметін іздеуге деген сұраныс тым жоғары.

2. Авто және жүк көліктерінің жүргізушілерін "Жұмыс" бөлімінде де белсенді іздейді.

3. "Көлік" санатындағы іздеу топтамасын автобөлшектерді сату мен сатып алу қызметі бастап тұр.

4. Ауа райының жылынуы қазақстандықтардың отбасымен, достарымен демалысқа шығуына себеп болып отыр. Сондықтан қыста "Жылжымайтын мүлік" категориясы бойынша сұраныс жалға алу, балабақша үшін орын-жайды сатып алу немесе жекеменшік балабақшаларға қатысты болса, ал қазір бұл бөлімде саяжайды сату мен сатып алу бірінші орында тұр.

5. "Сән және стиль" бөлімінде көйлектерді сату мен жалға алу танымал болып тұр. Бұған таңданатын ештеңе жоқ. Мереке алдында қыздар мен балаларға арналған ұлттық киімге деген сұраныстың артатыны белгілі.

6. "Жануарлар" бөлімінде жылқыларды көп іздейтінін көруге болады.

7. "Электроника" бөлімінде тоңазытқыштады іздеу көш бастап тұр.

8. "Балалар әлемі" бөлімінде кішкентай балаларға арналған орындықтар мен манеждер, балалар киімін көп іздейді.

9. "Үй және бақша" бөліміндегі ең көп ізделетін дүние, әдеттегідей, кілемдерді сату мен сатып алу.

10. Осы жылдың көктемінде ел тұрғындары таза ауада демалуға баса мән беріп отыр. Сол себепті "Хобби, демалыс және спорт" бөлімінде велосипедтерді іздеу бірінші орынға шыққан.

OLX.kz сарапшылары көктемгі сұраныстар топтамасынан бөлек, басқа да қызықты деректерді ұсынып отыр. Мәселен, Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындары қандай қызметті жиі іздейтінін білесіз бе? Ендеше зер салыңыз.

Алматылықтар тұрмыстық техника, жиһаз, спорттық және мерекеге киетін аяқ киім, сондай-ақ үй жануарларын іздейді екен. Алматы қаласы бойынша төмендегі мына бес дүниеге сұраныс жоғары:

1. Диван

2. Көйлек

3. Жүргізушілер қызметі

4. Велосипед

5. Күшіктер

Ал Астанада ең көп ізделетін қызмет түрі – жүргізушілер. Бұл елдегі автокөліктер санының артқандығының айқын көрінісі. Астана бойынша сұраным топтамасының бестігіне мыналар енді:

1. Пәтер

2. Диван

3. Көйлек

4. Тұрмыстық жиһаз

5. Газель

Шымкенттегі белсенді сұраныс топтамасына пәтерді жалға алу, жүргізушілер қызметі, сондай-ақ велосипедтерді іздеу еніп отыр.

Қарағанды тұрғындары пәтерлерді, ноутбук пен тұрмыстық техниканы, жиһаздарды көп іздейді.

Қазақстан бойынша OLX.kz-тен іздеу қызметіндегі ең танымал сөз – "пәтер". Жылжымайтын мүлік саласының қарқынды дамып, ал баспана сатып алуға арналған мемлекеттік бағдарламалар санының артып келе жатқанын ескерсек, аталған сұранымының танымал болуы заңдылық.

Еске сала кетейік, ОLX.kz Қазақстандағы ірі хабарландырулар сервистерінің бірі. Ай сайын платформаны 9 миллионнан астам адам қолданады. Орташа есеппен әр секунд сайын сайтқа жаңа хабарландыру шығады. Әрбір екінші қазақстандық ОLX.kz-қа кем дегенде айына бір рет кіреді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу