Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарының өтініштеріне қатысты жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатын болады", – делінген хабарламада.
СІМ аталған мәселе бойынша ресейлік тараппен түрлі деңгейдегі жұмысы жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу