Қазақстандықтардың үштен бірі жергілікті көлікті таңдайды

Артур Мискарян Артур Мискарян
3642

Қаңтар-сәуір айы ішінде автосалондар еліміздің зауыттарында жасалған 3247 автокөлікті сатқан.

Қазақстандықтардың үштен бірі жергілікті көлікті таңдайды

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" компаниясының мәліметіне сүйенер болсақ, осы жылдың қаңтарынан бастап сәуір айы аралығында қазақстандық автодиллерлер 11018 автокөлік сатып алған. Бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 23%-ға аз.  2017 жылдың сәуір айында сатылған  3449 автокөлік, былтырғы жылдың сәуір айындағы көрсеткіштен  8,9%-ға аз. Ал өткен жылдың наурыз айындағы көрсеткішке қарағанда биылғы сауда 27%-ға өскен.

Автодиллерлердің есептік кезеңде сатқан автокөліктерінің құны 272,8 млн доллар болып, 2016 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 18,9%-ға жоғары болды. Сәуір айында нарық көлемі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34,8%-ға өсіп, 89,5 млн долларға жеткен.

Төрт  айда сатылған автокөліктер ішінде импорттың үлесі 70,5%, Қазақстанда жасалған автокөліктер үлесі 29,5%. Жалпы 7771 ипорттық автокөлік және отандық 3247 автокөлік сатылған.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" компаниясының мәліметі бойынша, қазақстандық сатып алушылардың таңдауына ең ерекше ие болған шетелдік көлік – Toyota автокөлігі, төрт ай ішінде 2240 Toyota көлігі сатылған. Одан кейін екінші орында тұрған көлік – Lada, ресейлік машинаның 1912-сы сатылған. Сонымен бірге 865 Renault, 774 Ravon және  771 KIA автокөлігі сатылған.

Есептік кезеңде сатылған жеңіл көліктер ішінде Toyota Camry көшбастап тұр. Одан кейінгі орында Lada 4x4. Сондай-ақ төрт ай ішінде 576 Ravon Nexia, 526 Toyota Rav4 және 489 Lada Granta сатылған.

ТөАвтодиллерлер арасында "Бипэк Авто" бірінші орында тұр. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша, нарықта сатылған автокөліктердің 30%-ы осы компаниянікі.  "ҚазАвтоӨнеркәсіп" компаниясы мәліметі бойынша, Astana Motors ҚМК үлесі 16,2%, "Вираж" желісінің үлесі – 8,9%, Toyota City – 4,2%, Allur Auto – 3,8%.    

Төрт ай ішінде автокөлік ең көп сатылған қалалар – Алматы (2770 бір.),  Астана(2149 ), Атырау (788 ), Шымкент (682 )  және Қарағанды (663).

Еске салар болсақ, сарапшылар 2017 жылы 55 мың автокөлік сатылады деп болжаған еді.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу