Қазақстандықтарға "шала байып" қалуға мүмкіндік туып тұр

Бүгінде 4 ел азаматы Ресей мен Қырғызстанда жинақтаған еңбек өтілі негізінде өмір бойғы зейнетақысын ала бастаған. 

Қазақстандықтарға "шала байып" қалуға мүмкіндік туып тұр Фото: canva.com

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлап отыр. 

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 94 азаматының Қазақстанда зейнетақы төлемдерін рәсімдегені де белгілі болды.

Жалпы, соңғы үш жылда Қазақстанда ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттарына 82 845 зейнетақы шоты ашылған. 

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға мүше елдердің азаматтары жұмыс істеген мемлекетінде жергілікті тұрғындармен тең дәрежеде зейнетақы алуға құқылы. Бұл 2019 жылғы 20 желтоқсанда қол қойылған "ЕАЭО еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің" негізінде жүзеге асырылып жатыр. 

Жаңа ережелер қалай жұмыс істейді?

Ең біріншіден, әр ел өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы төлейді (2021 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі есепке алынады).

Егер бір елде еңбек өтілі жеткіліксіз болса, басқа ЕАЭО мемлекеттеріндегі жұмыс тәжірибесі де ескеріледі. Басты талап – ресми жұмысқа орналасу (еңбек немесе азаматтық-құқықтық келісімшарт арқылы).
Еңбек өтілін растау және кеңес алу үшін БЖЗҚ немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге болады.

Қазақстанда зейнетақыны қалай алу мүмкіндігі бар?

Қазақстанда Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жасалған зейнетақы аударымдарына және зейнет жасына жеткенде, 1-ші немесе 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда төлем жасауға қолданылады.

Мысалы, егер қазақстандық азамат басқа ЕАЭО елінде 3-5 жыл жұмыс істеп, сол елдің зейнетақы талаптарын орындаған жағдайда, аталған мемлекеттен де зейнетақы алуға құқылы.

ЕАЭО елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі қағидалары:

  • Зейнетақы тағайындау: Әр мемлекет өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы тағайындайды және төлейді.
  • Зейнетақыны экспорттау: Зейнеткерлер зейнетақысын өзі тұратын елде ала алады немесе өзге елге аударту мүмкіндігіне де ие.
  • Еңбек өтілін есепке алу: Егер бір елдегі жұмыс өтілі жеткіліксіз болса, басқа ЕАЭО мемлекеттеріндегі тәжірибе есепке алынады.
  • Ресми жұмысқа орналасу: Зейнетақы құқығын алу үшін ресми еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық келісімшарт болуы қажет.

Қазақстанда Келісім 2020 жылдың қарашасында Парламент тарапынан ратификацияланды. 

Бұл құжат барлық ЕАЭО елдері қажетті ішкі рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді. Келісімнің басты мақсаты – ЕАЭО аумағындағы еңбек мигранттарының әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын тұрақты дамыту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу