Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті келді

153

Сапар барысында WADA  делегациясы елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. 

Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті келді Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Астанаға WADA президенті Витольд Банька бастаған делегация келді.

Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесу өткізіп, елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясат мәселелерін талқылау.

Айта кетейік, WADA – спорттағы допингке қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз ұйым. Оның басты құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс, ал негізгі міндеті – допингке қарсы саясатты насихаттау, үйлестіру және бақылау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу