Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, бидай импортын 6 айға шектеуді көздейтін бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Негізгі мақсат – отандық фермерлерді қолдау және арзан импорттық астықтың ішкі нарыққа қысымын азайту.
Министрлік мәліметінше, шектеу жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғауға, астық нарығындағы тұрақтылықты сақтауға және заңсыз импорт пен қайта экспорт схемаларының алдын алуға бағытталған.
Бүгінде құжат қоғамдық талқылауға шығарылған. Егер қабылданса, тыйым 6 ай бойы күшінде болады.
Уақытша шектеуді көздейтін бұйрық жобасына сәйкес, тыйым автомобиль көлігімен, теміржол көлігімен және су көлігімен Қазақстанға әкелінетін бидайға қатысты қолданылады.