Қазақстанға Біріккен күрес әлемі президенті келді

375

UWW президенті Ненад Лалович елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралап, ҰОК президентімен кездеседі. 

Қазақстанға Біріккен күрес әлемі президенті келді Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Бұл туралы еліміздің күрес федерациясы хабарлады.

Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев және Күрес түрлері федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қарсы алды.

Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі.

Ненад Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға.

Қазіргі таңда қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу