Сөзінше, Azerbaijan Airlines ұшағы абайсызда жерден атқылау салдарынан зақымданған болуы мүмкін.
"Барлығы қара жәшіктер ашылғаннан кейін белгілі болады", – деді ол.
Сонымен қатар, Әзербайжан Президенті қазақ халқына алғысын білдірді.
"Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалып, оған ризашылығымды білдірдім. Біз апаттан кейін бірден қазақстандық құтқарушылардың оқиға орнына тез жетіп, қираған ұшақтан адамдарды шығаруға кіріскенін білдік", – деді Ильхам Әлиев.
Ол қазақ бауырлардың көмегі Әзербайжан халқының жүрегіне жылу ұялатқанын жеткізді.
Сондай-ақ, Ақтаудағы Әзербайжан консулдығына Қазақстанның қарапайым азаматтары келіп, гүл шоқтарын қойып, қолдау білдіргенін атап өтті.
"Біздің достығымыз бен бауырластығымыз осы қиын сынақтан кейін нығая түсті", – деді Ильхам Әлиев.
Әзербайжан Президенті Мемлекет басшысына көңіл айтқанын жеткізді.
"Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайғырып көңіл айттым, себебі апат салдарынан Қазақстанның алты азаматы қаза тапты", – деді ол.