Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты іс-шара барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ермек Көшербаев министрліктің биылғы жылғы қызметінің негізгі қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған жоспарларды айқындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сыртқы істер министрі 2025 жыл стратегиялық серіктестіктерді нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық қауіпсіздікті арттыру және ел мүдделерін жан-жақты ілгерілету бағытындағы дипломатиялық қызметтің белсенді әрі нәтижелі кезеңі болғанын атап өтті.
Ведомствоның жұмысы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары – егемендік пен қауіпсіздікті нығайтуға, шетелдегі ҚР азаматтарын қолдауға және көпжақты форматтар шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа негізделді.
Ермек Көшербаев 2026 жылға арналған басым міндеттерді де айқындады.
– Олардың қатарында экономикалық дипломатияны дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету, – деді Ермек Көшербаев.
Министр СІМ ұжымына келер жылы жаңа кәсіби табыс, амандық пен береке тіледі.