Қазақстанның 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойын кестесі белгілі болды

451

Ұлттық құрама алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойын кестесі белгілі болды Фото: kff.kz

Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі ойын ойнайды.

Іріктеу кезеңінде ел құрамасы 13 желтоқсанда сырт алаңда Албаниямен кездессе, 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды. Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.

Іріктеу кеезңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады.

Финалдық кезең 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Литваның Рига және Каунас қалаларында өтеді.

Айта кетсек, ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін ұзартты. Ол Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу