Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрлықтық додада Қазақстан атынан ерлер арасында:
- 60 келіге дейін – Өтепберген Әлиев;
- 65 келіге дейін – Сайрамкез Ақмолда;
- 75 келіге дейін – Бексұлтан Айтбай;
- 85 келіге дейін – Алексей Чуркин;
- 95 келіге дейін – Нұрғиса Әділетұлы өнер көрсетеді.
Әйелдер арасында:
- 57 келіге дейін – Екатерина Алякина;
- 69 келіге дейін – Арай Нұрлыбекова;
- 77 келіге дейін – Аянат Жұмағали;
- 86 келіге дейін – Айғаным Жанболат;
- 86 келіден жоғары – Любовь Ковальчук ел намысын қорғайды.
2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
Бұған дейін Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімін жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу