Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде 10-орынға көтеріліп, өзінің үздік нәтижесін қайталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы аптада Александр Бублик Швейцарияның Женева қаласында өтетін ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді. Өткен жылы ол бұл жарысқа қатыспағандықтан, сәтті ойын көрсетсе рейтингтегі ұпай қорын толықтыруға мүмкіндігі бар.
Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко 85-орыннан 89-сатыға төмендеді.
Сонымен қатар Тимофей Скатов 191-орынға, Бейбіт Жұқаев 298-орынға, ал Михаил Кукушкин 300-орынға сырғыды.
Тимофей Скатов осы аптада "Ролан Гаррос" турнирінің іріктеу кезеңінде сынға түседі. Ол іріктеу жарысының келесі айналымында әлемнің 143-ракеткасы, даниялық Эльмер Мёллерпен кездеседі.