Қазақстанның бірінші ракеткасы жарақат алды

1717

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарақат алуына байланысты Дохада өтіп жатқан турнирден шығып қалды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы жарақат алды

Турнирдің 2-айналымында Елена бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездесіп, оны 5:7, 6:2, 7:6 есебімен ұтқан болатын.

WTA баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Әлемнің 17-ракеткасының аяқ бұлшық еті жарақаттанған.

"Аяғымның бұлшық етінің тартылуына байланысты турнирді осы жерден аяқтауыма тура келеді. Өте өкінішті, әрине. Денсаулығыма қауіпті болғандықтан, тәуекелге барғым келмейді. Келер жылы міндетті түрде қайта ораламын. Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!" - деді Елена Рыбакина.

Дохада өтіп жатқан теннис турнирінің 3-айналымында Рыбакина Әлемнің бірінші ракеткасы аустралиялық Эшли Бартимен кездесуі керек еді. Енді Рыбакина денсаулығына байланысты турнирді аяқтағандықтан, Эшли Барти бірден ¼ финалға шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу