Қазақстанның екі футболшысы шет елге ауысты

1935

Арман Кеңесов пен Карам Сұлтановтар Ресей мен Әзербайжан чемпионаттарына ауысты.

Қазақстанның екі футболшысы шет елге ауысты

19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы ФНЛ-де ойнайтын "СКА-Хабаровск" командасымен үш жылдық келісім-шартқа қол қойды. Жаңа командасы үшін ол 80 нөмірде ойнайды.

Осы маусымнан бастап Қазақстан футболшылары Ресей футбол турнирлерінде легионер ретінде қарастырылмайтын болды. Сондықтан Арман Кеңесов Ресейлік клубта легионер болып саналмайды.

"СКА-Хабаровск" келесі маусымда ФНЛ-де өнер көрсетеді. 17 наурызда ФНЛ-2019/20 маусымы COVID-19 пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды және "СКА-Хабаровск" командасы турнирлік кестеде алтыншы орынға ие болды.

Тағы бір қазақстандық футболшы 24 жастағы "Каспий" қорғаушысы Карам Сұлтанов Әзербайжан Премьер-лигасының клубы "Сумгаитпен" екі жылдық келісім-шарт жасады. Өткен маусымда "Сумгаит" чемпионатты төртінші орында аяқтады және қазір Еуропа Лигасында ойнауға дайындалуда.

Сұлтанов "Каспийде" соңғы алты айда өнер көрсетті. Бұған дейін ол бірнеше жыл "Қызылжарда" ойнаған. Бұл клубқа ол Шымкенттен жас кезінде көшіп келген.

Сұлтанов "Қызыл-Жарда" біраз мүмкіндікке ие болды. Жастар құрамасында ойнады, 2018 жылы ҚПЛ-да керемет дебют жасады, "Қайсар" мен "Ертіс" футболшыға қызығушылық танытты. Бірақ тізе жарақатына байланысты өткен маусымды жіберіп алған болатын.

Ермұхамед Мәулен

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу