Қазақстанның екі терминалы ЭСКАТО құрғақ порттары қатарына қосылды

155

Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.  

Қазақстанның екі терминалы ЭСКАТО құрғақ порттары қатарына қосылды Фото: gov.kz

Dostyk Trans Terminal мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешені БҰҰ ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тайланд астанасы Бангкок қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) "құрғақ порттар" жөніндегі жұмыс тобының VI отырысы өтті.

– Отырыс қорытындысы бойынша Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешенін ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады, – делінген ресми хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу