"Қазақстанның қор биржасы ішкі инвесторларға тартымды болуы керек"

3301

Халықтың қолындағы ақша қор биржалары арқылы сыртқа шығып кетуі мүмкін.  

"Қазақстанның қор биржасы ішкі инвесторларға тартымды болуы керек"

Елімізде қор биржасына қызығушылардың көбеюі каптиалдың сыртқа кету тәуекелін көбейтуі мүмкін,  деп хабарлайды inbusiness.kz  .

AIX инвестициялық хабы мен Renaissance Capital инвестициялық компаниясы ұйымдастырған баспасөз-брифингінде Renaissance Capital инвестициялық компаниясының акцияларды сату жөніндегі басқарушы директоры Максим Орловский осындай ой айтты.

"Қазақстанға қор биржасының инфрақұрылымын жақсартып, ішкі инвесторларға ұсынатын құралдарды жетілдірмесе  болмайды. Шекара ашық тұрғанда, үйде отырып-ақ бүкіл әлем бойынша инвестиция салуға болатындықтан, тұтасқан табысты өнім ұсынбасаңыздар, халықаралық нарықтың қарқыны көріп отырсыздар. Қазір Қазақстан сыртқы инвесторларға жақсы өнімдер ұсынуда. Неге ішкі инвесторлар дәл солай қарамайтыны түсініксіз. Егер ішкі инвесторлардың көңілін таппасаңыздар, ақшаның бәрі АҚШ-қа "ағатын" болады. Яғни халық ақшасын Tesla-ға салып, күміс пен алтын нарығында алып-сатумен айналысып кетеді. Қазақстанда қызықты активтер көп. Менің ойымша, оны ішкі инвесторларға тартымды ету үшін саланы реттеушілер мен билік брокелік қауымдастықтар мен биржа өкілдерін тарта отырып, бірлесіп әрекет етуі керек. Сонда ғана халықтың тапқан табысы мен жинаған ақшасы Қазақстан экономикасына жұмыс істейді. Биржадағы ең маңызды нәрсе осы. Егер олай етпесеңіздер, ақша кетеді. Бұл тұтас халықтың төлем қабілетіне жағымсыз әсер етіп, теңгенің бағамын әлсіретеді. Ішкі жинақтар да кемиді",  деді сарапшы.

Максим Орловский әр азаматқа өзінің инвестор бола алатынын сезіндірумен жұмыс бітпейтінін ескертті. Отандық қор биржасында "көпіршік жобалар" көбеймеу үшін ішкі салымшылардың сауатын ашу маңызды.

"Инвесторларға арналған ағарту бағдарламаларын қолға алу керек. Адамдардың ақылға қонымды мөлшерде инвестиция салғаны маңызды. Ресей мен АҚШ-та биржа "көпіршіктері" қалай тез пайда болып, артынша ғайып болатынын көріп жүрсіздер. Мұндай тәуекелдер болмауы керек. Адамдар инвестиция салғанда не істеп тұрғанын жақсы түсінетіндей болуы керек. Инвестиция мен алып-сатуды айыра білген маңызды. Қор биржасы да ішкі инвесторларға бағдарлана алғаны жөн. АҚШ-тағы немесе Ұлыбританиядағы азаматқа Қазақстанда іске асатын шағын жоба туралы түсіндіру өте қиын. Ал сол жобаның іргесінде тұрып жатқан адамға ол туралы айту әлдеқайда жеңіл. Ондай жобаларды ішкі инвестордан басқа ешкім қаржыландыра алмайды. Бұл аса маңызды ереже. Осындай бағдарды ұстанса, Қазақстанның жалпы ішкі өнімін арттыруға болады",деді Renaissance Capital өкілі.

Есжан Ботақара
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу