Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы Сингапур төрінде алтыннан алқа тақты

309

Сингапурде 16-мамыр басталған сары құрлық бәсекесі бүгін өз мәресіне жетпек. 

Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы Сингапур төрінде алтыннан алқа тақты Фото: olympic.kz

Азия чемпионатында сеньорлар бағдарламасы бойынша біздің гимнастшылар топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста тарихи жеңіске жетті.

Команда құрамында өнер көрсеткендер: Айзере Кеңес, Аида Хакимжанова, Мәдина Мырзабай, Әйзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Жасмин Жұнусбаева. Сонымен қатар команда екі жаттығу түрі бойынша финалға өтті.

Жеке бағдарламада көпсайыс бойынша қола жүлдені Айбота Ертайқызы жеңіп алды.

Айым Мейіржанова 5-нәтиже көрсетті. Екі гимнастшы да жекелеген жаттығулар бойынша финалға жолдама алды.

Сеньорлар арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, жасөспірімдер құрамасы да қуантты. Қазақстандық спортшы қыздар топтық жаттығуларда күміс медаль жеңіп алды.

Команда құрамында ел намысын қорғағандар: Вахлова Томирис, Шимолина Ксения, Вендриевская Евгения, Бақытқызы Әлия, Чащина Анастасия және Егорова Елизавета.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте де Қазақстан құрамасы күміс жүлде еншіледі.
Құрама: Ерекешева Ақмарал, Рыспек Айғаным, Вахлова Тамирис, Шимолина Ксения, Вендриевская Евгения, Бақытқызы Әлия, Чащина Анастасия және Егорова Елизавета.

Бүгін тағы бірнеше сайыс түрі бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу