Қазақстанның мал шаруашылығы: серпіліс алдында тұр

5782

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы.

Қазақстанның мал шаруашылығы: серпіліс алдында тұр

camonitor.kz : "Қазақстанның мал шаруашылығы: серпіліс алдында тұр" деп хабарлайды басылым. Мал шаруашылығы Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімін өсіруші драйверіне айналып отыр. Сала мұндай көрсеткіштерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау нәтижесінде қол жеткізген. Бұл қолдау АӨК-ді дамытуға бағытталған 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында көрсетілген болатын.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 45 пайызы ауыл шаруашылығындағы мал шаруашылығына келеді екен. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 25 пайызды құраған. Мұндай жетістікке аз ғана уақытта қол жеткізу мүмкіндігі аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған кешенді шаралардың нәтижесінде пайда болып отыр.

"Барлық көрсеткішті ескере отырып, сарапшылар мал шаруашылығын мемлекеттік деңгейде ынталандыру, әсіресе ет бағытын ынталандыру орынды шара болғанын айтады. Мұнымен қоса сарапшылар етті мемлекеттің мұнай, газ сияқты артықшылығына жатқызуға болады деген пікірде. Оған өзге елден келіп жатқан сұраныс куә бола алады. Мұндай сұраныс тек Еуразиялық одаққа мүше елдерден ғана емес, алыс мемлекеттерден де келеді", – деп жазады басылым.

Liter.kz: Сарапшылар карантиндік шектеулер ұлттық валютаға кері әсер етеді дегенді айтып отыр. Аталмыш басылымның хабарлауынша, карантин соңына дейін теңге бағамы түсіп, АҚШ доллары 412-415 теңгеге жетуі ықтимал. Алайда газет тілшілеріне өз пікірін білдірген сарапшылардың бұл мәселеге қатысты пікірі әртүрлі болып шықты.

Сарапшылардың бір бөлігі теңге бағамы түседі десе, екіншілері бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендемейді дегенді айтады. Қазіргі кезде сарапшылар қандайда бір болжам жасау қиын дегенді жеткізді. Себебі мұнай бағасын болжап айту оңай емес.

"Егер әлемнің барлық елдері екінші рет карантин енгізіп жатса, онда оның әсері айтарлықтай білінетін болады. Себебі жабық экономика қуатты аз пайдалануға әкеліп соғады, нәтижесінде мұнайға деген сұраныс азаяды, осының салдарынан мұнай өндіруші елдердің, Ресей және Қазақстан сияқты мемлекеттердің ұлттық валютасына кесірін тигізеді", – дейді экономист мамандар.

express-k.kz: "Көпбалалы қазақстандық аналар тек ана қызметімен шектелгісі келмейді", деп хабарлайды басылым. Себебі көп балалы аналар үздік кәсіпкер бола алады және олар қоғам өміріне ат салысуға дайын. Сөйтіп олар отбасы мен өзінің сүйікті жұмысын бірге алып жүруге болатынын дәлелдеп келеді.

Басылым дерегі бойынша, Алматы қаласында көмекке мұқтаж отбасының саны 27 мыңнан асады. Өткен жылдың мамыр айынан бері оларға "Бақытты отбасы" атты орталық көмектесіп келеді. Орталық мамандары көпбалалы аналар жайындағы халық арасындағы стереотиптарді бұзуға тырысып келеді. Өйткені көптеген адамдар көп балалы аналар тек үйде отырып, балаларына назар аудару керек, жұмысқа шықпауы керек деп ойлайды. Орталық өзге ойды ұстанады, сол себептен әрбір әйелдің тілін табуға тырысады.

"Көпбалалы әйлдер білімсіз деп санайтындарға ренжисің. Олардың пікірінше, көпбалалы аналар үйде отыруы керек, тек дүкенге және емханаға барумен ғана шектелуі керек сияқты. Менің төрт балам бар, өз басым әйлердер өздерін шектемеу керек деп санаймын. Осы орталыққа келіп, мен өзім іздеген дүниемді таптым десем болады. Математика және ағылшын тілі пәндерінен сабақ беремін. Мен өзімді өзгелерге керек екенімді, пайдалы екенімді сезінемін. Орталықта әйелдердің жақсы жаққа өзгеретіні ұнайды", – дейді Жәния Әбдуллақызы. 

Caravan.kz: Сарапшы пандемияның зардабы Қазақстан қоғамына қалай әсер еткені жайында айтып берді, деп жазады аталмыш газет. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіпованың пікірінше, пандемия зардабы ондаған жылдар бойы сезілетін болады.

Наурыз айында енгізілген шектеулер мен төтенше жағдай талаптары қазақстандықтардың өміріне айтарлықтай әсер етіп, көптеген өзгеріс орын алды. Яғни жұмыс орындары қысқарып, бизнес өкілдерінің жағдайы қиындады. Сарапшы маман Айман Жүсіпованың айтуынша, күллі әлемді жаулаған пандемия ең алдымен бизнеспен шұғылданған азаматтарға әсер етті.

"Себебі күнделікті өмірде керек емес заттарға сұраныс азайып, халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының салдарынан тұтыну және өндіру форматы өзгерді. Болашақта пандемияның әсері өз жұмысын онлайн-форматқа ауыстырамаған азаматтарға тиеді. Нәтижесінде кеңседе жұмыс істейтін азаматтаржаппай қысқартылатын болады", – дейді Айман Жүсіпова.

Мамандардың пайымдауынша, пандемия біреулерге зиян болып келсе, екіншілеріне бұл жаңа мүмкіндікке айналады. Осындай мүмкіндікке ие болғандардың қатарында алыпсатарлар бар. Айман Жүсіпованың пікірінше, олар адам қайғысынан ақша жасаған. Негізі сарапшының айтуынша, пандемия адам денсаулығына, азаматтардың біліміне кері әсер етеді. Себебі пандемия салдарынан жүйкесіне зақым келтіріп, ішімдікке салынып кететіндер саны көбейеді. Ал дамып келе жатқан елдердің білім саласына зиян тигізеді. Өйткені көптеген адамның компьютер арқылы жұмыс істуге мүмкіндігі жоқ.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Гүлмира Қамзиева

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу