Қазақстанның Орталық Азия елдеріне бағытталған экспорты импортынан үш есе көп – зерттеу

3135

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы бір жылда 35% өсті.  

Қазақстанның Орталық Азия елдеріне бағытталған экспорты импортынан үш есе көп – зерттеу

Жалпы Қазақстан Орталық Азия нарығында басым позицияға ие болып отыр: аталған аймақ бойынша елдің экспорты импортынан үш есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеу агенттігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 2,3 млрд долларға жетті. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34,7% артық. Орталық Азия елдерінің сыртқы саудадағы үлесі 4,7%-дан 6,3%-ға өсті. 

Орталық Азия елдерімен тауар айналымының үштен екі бөлігі Өзбекстанға келеді: бір жылдың ішінде осы елмен тауар айналымы 1,5 млрд долларына жетіп, бір жылдың ішінде 46% өскен. Жалпы тауар айналымының құрылымында Өзбекстанның үлесі 4,1% құрады.

Одан кейінгі орындарда Тәжікстан (426,1 млн доллар, +22,9%) мен Қырғызстан (328,7 млн доллар, +8,2%) тұр. Түрікменстанмен тауар айналымы 74,6 млн долларына жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 49% асып кетті.

"Қазақстанның Орталық Азия елдеріне бағытталған экспорт 1,7 млрд долларға жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 35,4% артты. Экспорттың 65,9% Өзбекстанға жөнелтілген (1,1 млрд доллар, + 58,4%). Сонымен қатар Тәжікстанға 297,1 млн доллардың тауары жөнелтілсе, Қырғызстанға 227,2 млн доллардың, Түрікменстанға 48,6 млн доллардың тауары жеткізілді",  делінген зерттеуде.

Қазақстанға келетін барлық импорттық тасымалдың құрылымында Орталық Азия елдерінен келетін импорттың үлесі 4,2% құрады.

"Жыл басынан бері Орталық Азия елдерінен Қазақстанға 624,2 млн доллардың тауары жеткізілді. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33% көп. Қазақстанға Өзбекстаннан 367,7 млн доллардың (+18,3%) тауары әкелінсе, Тәжікстанның импорты бірден 2,4 есе ұлғайды (129 млн доллар). Қырғызстан мен Түрікменстаннан келетін импорт 12,9% және 80,3% өсті. Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия елдеріне экспорты импортынан 2,7 есе көп болды", - делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу