Қазақстан падел федерациясы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрамның тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан намысын байрақты бәсекеде сегіз спортшы қорғайды. Ерлер және әйелдер арасындағы жарыста ел атынан екі жұптан өнер көрсетеді.
Ерлер:
- Евгений Данилов / Тимур Хабибулин
- Родион Пак / Жақас Қозбақ
Әйелдер:
- Альбина Хабибулина / Мария Синицына
- Әйгерім Сүлеймен / Татьяна Гиоргазде
Айта кетейік, падел спорт түрі алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізіліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу