Қазақстанның таеквондодан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында сынға түседі

231

Жарыс 30 тамызға дейін жалғасады.  

Қазақстанның таеквондодан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында сынға түседі Фото: olympic.kz

28 тамызда Қытайдың Тайюань қаласында әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғайды.

46 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева және Тоғжан Өмірзақ өнер көрсетеді. 49 келіде Нұрай Бауыржанова мен Адель Жанділдинова, 57 келіде Мария Севостьянова сынға түседі.

Ал 62 келіге дейінгі салмақта Айша Әділбекқызы, 67 келіде Аружан Найманбаева, 73 келіде Нұрай Хусаинова бақ сынайды.

Әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу