Жартылай финалдық кездесулердің нәтижесінде Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін бақ сынайды.
Ал тағы төрт қазақстандық спортшы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Олар – Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі).
Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 27 қазанда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу