Қазақстанның жастар құрамасы алғашқы ойынын тең есеппен бастады

2444

Ресейдің Сан-Петербор қаласында 8 қаңтарда басталған Гранаткин атындағы турнир енді қыза бастады. Бұл бәсекеге Қазақстан құрама командасы да қатысып жатқандығы туралы айтқанбыз. Біздің 19 жасқа дейінгі жастарымыз "С" тобында өнер көрсетіп жүр. Бізбен бірге бір топта Литва, Әзірбайжан және Словакия командалары бар.

Қазақстанның жастар құрамасы алғашқы ойынын тең есеппен бастады Фото: sports.kz

Қазақстан намысын Сан-Петербор қаласында мына ойыншылар қорғап жүр: Устименко Даниил (16 жас), Айтым Санжар (16 жас), Батырханов Санжар (17 жас), Кусяпов Талғат (17 жас), Саюнов Дарын (17 жас), Орал Айдос (17 жас), Астанов Сұлтанбек (17 жас), Сейдахмет Еркебұлан (16 жас) шабуылшы, Кан Гаврил (18 жас), Аманжол Ерасыл (17 жас), Кузнецов Даниил (17 жас), Тұрсынбай Сағадат (17 жас), Тұзақбаев Әліби (17 жас), Кашкен Дінмұхаммед (17 жас), Құдайбердінов Батыр (17 жас), Сазонов Владислав (17 жас) қақпашы, Скворцов Лев (16 жас), Усачёв Александр (16жас), Жақсылық Мұхит (17 жас), Пайруз Жанәлі (17 жас) және бас жаттықтырушы Александр Кузнецов.

Алғашқы ойынын Словакиямен өткізген Қазақстандықтар бұл матчта жап-жақсы өнер көрсетті. Ойында есеп ашылған жоқ. Осының өзі командалардың мықты дайындықпен келгенін көрсетсе керек. Қазақстанның бас бапкері Александр Кузнецов 17 жасқа дейінгі құрама команданы жаттықтырған болатын, бұдан соң оған 19 жасқа дейінгілерді жаттықтыру ұсынылды. Ол бас тартқан жоқ. Тіпті мына Гранаткин турниріне Қазақстан футбол федерациясынан 16-17 жастағы ойыншыларды қатарға қосуды сұрап, өздеріңіз байқағандай, команда тізімінде 19 жасқа дейінгі деген аты ғана болмаса, қатарда кілең 16-17 жасар футболшылар.

Александр Кузнецовтың бұл тәсіліне қосылуға болады, өйткені алдағы Еуропалық іріктеу турнирлерінде Қазақстан Словакиямен бір топқа түскен, сол себепті 2000 жылғы жігіттерді осы турнирге көбірек тартуды ұйғарған екен.

Бас бапкердің айтуынша, осы Гранаткин кубогы талай жасқа жол ашушы бірден-бір турнир. Кезінде Бауыржан Исламхан да осы бәсекеде көпшіліктің көзіне түскен болатын, ал 20 жасында "Қайраттың" капитаны болып шыға келгенін де ұмытпаған жөн. Словакия U19 құрама командасының бас бапкері Милан Малатински де Қазақстан жастарының мықты қарсылас екенін жасырмады.

"Сіздер ойламаңыздар Словакия нашар ойын көрсетті деп, жоқ олай емес, керісінше Қазақстан футболының деңгейі көтерілгенін көрдім. Әсіресе қорғаныста бізге гол соғуға еш мүмкіндік бермеді және жас шамасы біздің командадан кіші болса да, шабуылда да жылдам суырылып шығатын ойыншылар бірнеше рет гол салып кете жаздады", – дейді словакиялық маман.

Бұл тартысты матч 0-0 есебімен тең аяқталып екі команда бір-бір ұпайға ие болып отыр. Біздің топтағы тағы бір матч Әзірбайжан мен Литва арасында өтіп Балтық жағалауынан келген команда 2-1 есебімен басым түсті. Сөйтіп Литва құрамасы 3 ұпаймен топ жарды.

1. Литва – 3

2. Қазақстан – 1

3. Словакия – 1

4. Әзірбайжан – 0

А тобындағы ойындарға келсек Тәжіктер Грекия құрамасын 1-0 себімен ұтып турнир кестесінде 1-орынға шықты. Эстония мен Болгария 0-0 есебімен тең тарқасты.

1. Тәжікстан – 3

2. Болгария – 1

3. Эстония – 1

4. Грекия – 0

B тобы:

Латвия – Беларусь (2:2)

Ресей – Үндістан (8:0)

1. Ресей – 3

2. Беларусь – 1

3. Латвия – 1

4. Үндістан – 0

Д тобы:

Молдова – Словения (0:0)

Сан-Петербор – Иран (2:1)

1. Сан-Петербор – 3

2. Молдова – 1

3. Словения – 1

4. Иран – 0

Қазақстан құрамасы келесі ойындарын 11 қаңтарда Әзірбайжанға және 13 қаңтар күні Литваға қарсы өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу