Қазақстанның жастар құрамасы халықаралық турнирде 15 медаль жеңіп алды

318

Венгриядағы "Иштван Борнемисса мемориалында" қазақстандық боксшылар командалық есепте бірінші орын иеленді.  

Қазақстанның жастар құрамасы халықаралық турнирде 15 медаль жеңіп алды Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Венгрияның Эгер қаласында өткен дәстүрлі "Иштван Борнемисса мемориалы" халықаралық бокс турнирінде Қазақстанның жастар құрамасы (U-19) табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Халықаралық World Boxing федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа әлемнің 24 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық жастар құрамасы командалық есепте бірінші орын алып, жалпы саны 15 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде бар.

Ұлттық құраманың бас бапкері, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жарыстың үздік жаттықтырушысы атанды.

Қазақстан құрамасының нәтижесіне алматылық спортшылар да өз үлестерін қосты. 50 келіге дейінгі салмақта Әділ Асқанбай чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ал 90 келіге дейінгі салмақта Еркетаң Жарқынбек күміс жүлдеге ие болды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Едіге Нұрғожа қола медаль иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу