Қазақстан экономикасы қарқын алды: ЖІӨ 8 айда 6,5%-ға өсті

216

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 6,5%-ға артты.

Қазақстан экономикасы қарқын алды: ЖІӨ 8 айда 6,5%-ға өсті Фото: canva

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өсімнің негізгі драйверлері – сауда, өнеркәсіп және көлік саласы. Өнеркәсіп көлемі 7,6%-ға өсті. Әсіресе өңдеу секторында серпін байқалды: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%).

Сауда 8,9%-ға артты. Оның басым бөлігі көтерме сауда үлесіне тиесілі (66,6%). Аймақтар арасында ең жоғары өсім Шымкентте (+21,3%), Шығыс Қазақстанда (+5,7%) және Жетісуда (+0,6%) тіркелді.

Сонымен қатар, құрылыс секторында өндіріс көлемі 18,1%-ға, көлік және қоймалау қызметтері 21,5%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы да оң нәтижемен аяқтап, 3,4%-дық өсім көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу