Қазақтың қос командасына ресейліктердің шамасы жетер емес

1807

Шынында солай, Ресейдің жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қарағандының "Сарыарқасы" мен Өскеменнің "Торпедосы" орыстардың 24 командасын шетінен ойсыратып жеңіп жатыр.

Қазақтың қос командасына ресейліктердің шамасы жетер емес Фото: yvision.kz

Турнир кестесіне үңілсеңіз неге олай деп отырғанымызды бірден түсінесіз. "Сарыарқа" мен "Торпедо" 33 ойыннан ғана өткізген, соның өзінде алдыңғы орындарда тұр. Топедода 33 ойыннан кейін 71 ұпайы бар, әр жеңіске 3 ұпай берілетінін есепке алсақ, егер арифметикалық теория тұрғысынан есептесеңіз, Өскеменнің "Торпедосы" 1-орында, ал "Сарыарқа" 3-сатыда болуы керек.

Турнир кестесі

 

Клуб

о

ұ

1

СКА-Нева

35

72

2

Торпедо

33

71

3

ТХК

37

66

4

Сокол

34

65

5

Сарыарқа

33

63

6

Спутник

34

63

7

Зауралье

34

63

8

Динамо Бшх

33

61

9

Звезда

35

60

10

Торос

32

58

11

Ермак

34

58

12

Нефтяник

33

54

13

ХК Рязань

32

53

14

Челмет

36

52

15

Дизель

35

52

16

Динамо СПб

33

51

17

Рубин

34

49

18

ХК Саров

34

48

19

Ижсталь

32

48

20

Молот-Прикамье

34

45

21

Южный Урал

36

38

22

Барс

33

37

23

Химик

35

34

24

Ариада-НХ

34

27

25

Кристалл

35

19

26

Буран

32

16

Ресейдің Челябі қаласында біздің "Торпедо" жергілікті "Челмет" командасын тас-талқан етті (8-0). Өз айдынында осындай ірі есеппен жеңілу кімнің болса да намысына тиері анық. Бірақ бұл ірі есепке онша ешкім таң қала қоймаған болар, тіпті "Челмет" бас бапкері Александр Рожков ойыннан кейінгі брифингте : "Торпедо бізден бір бас жоғары тұрды, олардың әрбір іс-қимылының өзі біздің командадан шапшаңырақ, шайба салуға болатын мүмкіндіктің бәрін оңтайлы пайдалана білді. Қазақтар барлық жағынан алғанда бізден басым болды", – деді.

Расында, бұл ойында Талғат Жайлауов бастаған өскемендіктер айдын иелерін әбден тығырыққа тіреді. Игнашин, Михайлис, Романов, Далхейсен, Коротков, Путилов және Сауторн сияқты ойыншылар голды қарша боратты, ал қақпашымыз Павел Полуэктов осымен үш ойын қатарынан өз қақпасына гол жуытпады. Бас бапкер Алексей Ждахиннің жетекшілігімен Торпедо қатарынан 7 ойын жеңілмей келеді.

Қарағандының "Сарыарқасына" келсек, олар да кезекті жеңісін сырт айдында тойлады. Бұл күні "Сарыарқа" құрамына қайта оралған Артур Сарваров команданың ойынын одан әрі жандандыра түсті. Орскінің "Южный Урал" командасының жаттықтырушысы Евгений Зиновьев ойын алдында өзінше бір арифметикалық статистика жасап қойған болатын. Егер оның командасы бір матчта екі гол соқса, онда кем дегенде 1 ұпай еншілейді овертайм не буллит арқылы, ал 3 гол соқса, онда толық 3 ұпай алып жүр деген еді. Расында, "Южный Урал" хоккейшілері көптен бері осылай ойнап келген. Алайда, біздің Вадим Епанчинцевтің командасы Зиновьевтің бұл статистикасының талқанын шығарды.

"Сарыарқа" олардың соққан үш голына 4 голмен жауап берді, ал ендеше! Басында қарағандылықтар 2-0 есебімен ұтылып келе жатқан, бірақ екінші кезең бітпей жатып, Сарваров бастаған жігіттер 3 гол қатарынан салып кетті. Ал 3-кезеңнің аяқталуына 6 минуттай қалғанда "Сарыарқалық" Артур Сарваров өзі осы ойындағы алғашқы голын кіргізді. Мұның алдында ол бір рет нәтижелі пас шығарып берген болатын. Сөйтіп, команда лидері бомбардирлер тізімінде 30 ұпай (10 гол + 20 пас) нәтижесімен 2-орынға шықты. Артурдың ұпай саны, көш басындағы "Торос" командасының шабуылшысы Артем Гордеевпен бірдей, тек гол соғу жағынан ғана қалып келеді. Гордеевте 30 ұпай (16 гол + 14 пас).

Ал ойынның соңында "Южный Урал" командасы біздің қақпаға бір шайба салып, тек есеп айырмасын қысқарта алды. Сөйтіп, "Сарыарқа" 4-3 есебімен жеңіске жетті. Келесі турда екі командамыз қарсылас ауысады. Яғни, 24 желтоқсанда "Сарыарқа" Челябіде "Челметпен", ал "Торпедо" Орскіде "Южный Уралмен" ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу