Қазақтың қос қызы әлемдік рейтингте көш бастап тұр

2025 жыл ел каратэшілері үшін табысты саналып отыр.  

Қазақтың қос қызы әлемдік рейтингте көш бастап тұр Фото: olympic.kz

Олар биыл халықаралық бірнеше жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықарлық каратэ федерациясы (WKF) әдеттегінше жаңартылған рейтингін жария етті. Бұл тізімнің 1-орынынан қазақтың қос қызын байқауға болады. Яғни, -50 келі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай мен Азия чемпионы (-61 келі) Әсел Қанай жаңа рейтингте ең жоғары сатыда тұр.

Айта кетейік, Мөлдір мен Әсел биыл Мароккодағы премьер-лигада "Жылдың ең үздік спортшылары" атағына ие болған еді. Мөлдір Жаңбырбай мұндай мәртебеге осымен екі жыл қатарынан қол жеткізді. Тізімнен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцеваны да көру қиын емес. Ол өз салмағында (+68 келі) 2-орынға жайғасқан. С.Берульцева да "Grand winner" атағына үміткерлер сапында тұрды. Десе де, ұпай саны сәл жетпей, үздіктер қатарына ене алмады.

Бұған дейін балуан Жәмила Бақбергенованың әлемдік рейтингте 1-орында тұрғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу