Жартылай қорғаушы клубпен келісімшартының аяқталуына байланысты қош айтысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еркебұлан Сейдахмет "сары-қаралар" сапына 2019 жылы жазда қосылған еді. "Қайратта" бес маусымда ол 107 ойын өткізіп, 8 гол соққан. Сонымен қатар, 10 нәтижелі пас берумен көзге түсті. Командамен бірге Сейдахмет Қазақстан чемпионы атанса, ел Кубогының иегері деген атаққа да қол жеткізді.
– "Қайрат" футбол клубы Еркебұланға көп жыл бойы жан-тәнімен ойнағанына алғыс айтады! Болашақ мансабыңда сәттілік тілейміз! – деп жазды алматылық клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Әзірге қазақстандық ойыншының нақты қай клубта ойнайтыны туралы ақпарат жоқ.