"Қазақтың намысын қорғаймын!": Сабырхан Төрехан Атырау облысына ауысып кетті

291

Осыған дейін ол жарыстарға Түркістан облысының атынан шығып келген.

"Қазақтың намысын қорғаймын!": Сабырхан Төрехан Атырау облысына ауысып кетті Фото: КФБ, ДРС

Боксшының әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына қарағанда, Атырау облыстық бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримов осындай ұсыныс жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бір маңызды жаңалықпен бөлісейін деп едім. Мен бұдан былай Атырау облысының намысын қорғаймын. Маған мұндай мүмкіндік берген Атырау облысы бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримовке алғыс айтқым келеді. Осыған дейін мен Түркістан облысының намысын қорғап, қол жеткізген жеңістерімді осы өңірдің боксшысы ретінде тіркедім. Ол үшін киелі Түркістан облысы федерация өкілдеріне рахмет айтамын, – деп жазды Төрехан Сабырхан.

Боксшының пікірінше, енді елдегі сайыстарға Атырау облысының атынан шығады. Ал халықаралық бәсекелерде елдің, қазақтың намысын қорғайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу