"...Қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек" - Ринат Зайытов

3792

Алматыдағы митингте қамауға алынған айтыскер ақын жазбаша мәлімдеме жасады.

"...Қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек" - Ринат Зайытов

"Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді. Алатаудың алдына шыққан себебім,  Халыққа уәде бергенмін алдансам алдыларыңа шығып кешірім сұраймын деп. Мен Қазақпын, ал қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек. Сөзімде тұрдым! Сол сәттегі жағдайды пайдаланып, ары қарай мені өз ойындарына кіргізгісі келетін арсыздарға ермеймін. Халық та ермейді, ақымақ емеспіз", – деп жазды ол өзінің instagram парақшасына.

Ақын Әблязов пен Қосаноқа бағыттаған сөзінде: "Аблязовқа, Қосановқа айтарым, еркек болса, елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып, елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранның ар жағынан емес Халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емес шығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер, қалғанын кейін айтайын", – деп мәлімдеді Ринат Зайытов.

Ұмытпасаңыздар, 10 маусым күні полиция айтыскер ақын Ринат Зайытовты "Алматы Арена" маңынан алып кетті. Сол-ақ екен алматылықтар көшеге шығып, билікке ақынды босату туралы талап қойды. Ізінше ақын instagram желісі арқылы өзіңнің қамаудан босап шыққанын таратты. Халықты сабырға шақырып, үйлеріне қайтуларын өтінді. Көпшілік кетпей, табандап тұрып алған соң, ақын халықтың ортасына келіп: "Барлықтарыңызды жақсы көремін. Жасыратын несі бар, осындай кезде, үй өртеніп жатқан кезде, біреу бас ұйытқысы келеді, арандататындар болады, оның несін жасырамын. Бірақ ол үшін қарапайым қазақ неге жылауы керек? Қарапайым қазақтың неге маңдайы қанауы керек? Осыны түсініңіздерші, мен барлығыңыз үшін осы жерде өлуге дайынмын. Маған реніші болатын болса, мені ұрсыншы. Мен жаңа үйден келдім, сондықтан барлығыңыз тараңыздар. Дәл осы сәтте арандатуға түсіп қалмай, тараңыздар", – деп басу айтты.

11 маусым күні полиция өкілдері Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, оның митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілгенін, түсіндіру жұмыстары жүргізілген кейін үйіне қайтарылғанын баяндады.

ВИДЕО:

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу