"Қазбалар бар, есептер жоқ": Асхат Аймағамбетов археология саласындағы былықты айтты

290

Археологиялық жұмыстардың толық цифрлық жүйесі енгізілмек.

"Қазбалар бар, есептер жоқ": Асхат Аймағамбетов археология саласындағы былықты айтты Фото: parlam.kz

Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатты депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мәжілісмен археология саласындағы деректер хаосына тоқталды.

"Кім, қай жерде, қандай қазба жұмыстарын жүргізді? Не табылды? Ғылыми әдістемеге сәйкес пе? Оның есебі толық белгісіз. Мемлекетке толық, әрі сенімді ақпарат жетпейді. Тек ескерткіштер тізімінің өзі қазір 42 тізімдерде шашыранқы түрде. Ал қазба жұмыстары бойынша, есептерді ешкім ешқайда өткізбейді. Яғни қазбалар бар, бірақ есептер жоқ. Табылған жеке жәдігерлер бар, бірақ жаппай жәдігерлер мен материалдар жоқ. Нәтижесінде кейбір ескерткіштер қайта-қайта зерттелінсе, енді біреулері мүлде қараусыз қалып, жойылып кетіп жатыр", – деді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттар осы жүйесіздікті тоқтатып, археологиялық жұмыстардың толық цифрлық жүйесін енгізуді ұсынды.

"Кім, қай жерде нені қазып жатыр? Қалай қазып жатыр? Не табылды? Қазбаның есептері, ескерткіштердің паспорттары, археологтар тізімі – енді осының барлығы бір цифрлық жүйеде болады. Бұл жүйе саланы ашық қылып, есептілік пен тәртіпті орнатады", – деді Мәжіліс депутаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу