"Қазмарганец" кен басқармасына - 15 жыл

17800

Қарағанды облысының жер қойнауын пайдаланушы ірі кәсіпорын "Қазмарганец" кен басқармасы 15 жылдық мерейтойын атап өтті.

"Қазмарганец" кен басқармасына - 15 жыл

Қарағанды Еуразиялық Топ құрамындағы "Қазхром"ТҰК" АҚ филиалы "Қазмарганец" кен басқармасының еңбегімен еленіп көзге түскен үздік қызметкерлеріне мерейтой барысында құрмет көрсетті.

Мерейтой шарасына 250 -ден астам қызметкер, кен басқармасында кезінде еңбек еткен ардагерлер, серіктестермен компания басшылары жиналды. Қонақтар үшін өңірдің үздік өнерпаздарының қатысуымен айрықша шоу ұйымдастырылды.

Айта кету керек, "Қазмарганец" кен басқармасы Қарағанды облысының ірі жер қойнауын пайдаланушыларының бірі және барланған тотыққан марганец кендерінің қорлары бойынша отандық тау-кен металлургия саласындағы ең ірі кәсіпорын болып саналады. Тауар өнімі -марганец концентраты ферроқорытпаларды өндіру үшін пайдаланылады. Басты тұтынушы - Ақсу ферроқорытпа зауыты. Кәсіпорын жылына 480 мың тонна марганец кенін өндіреді, Ақсу ферроқорытпа зауытына 165 мың тонна марганец концентратын жөнелтеді.

Мерейтой барысында кәсіпорынның 17 маманы Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен және корпоративтік,салалық марапаттарына ие болды.

"Қазмарганец" ұжымы әрдайым ұйымшылдықпен және сапалы жұмыс жасауымен ерекшеленеді. Осы 15 жылдың еншісінде өз ісінің кәсіби мамандарының, үлкен өндірістік жетістіктерге бағытталған нағыз команданың қажырлы еңбегі бар. Жұмыс ауқымын түсіну үшін оның нәтижесін көз салу жеткілікті . Қазақстан марганец кені қоры бойынша әлемде үшінші орында, ал қазақстандық марганецтің үшінші бөлігі бізде, "Қазхром" кәсіпорындарында өндіріледі",-деп атап өтті "Еуразиялық Топ" ЖШС Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев.

"Қазмарганец" кен басқармасының "Тур" кенішінің БелАЗ автокөлік жүргізушісі Қадыртан Сағынбаевтың кәсіпорында еңбек етіп келе жатқанына 17 жыл болыпты. Жалпы еңбек өтілі 43 жыл. "Тур" кенішінің алғашқы қызметкерлерінің бірі. Кәсіпорын мерейтойына орай ол "Еуразиялық Топтың" "Ерен еңбегі үшін" белгісімен марапатталып, ең жоғарғы марапат 630 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

"Алғашқыда ен далада ауыр жұмыс жасаған кездерім әлі есімде. Вагонда тұрдық, суды тасымалдап, пеш жағып тәулік бойы жұмыс жасадық. Барлық қиындықтарды бірге еңсеріп, кәсіпорын игілігі үшін бірлесіп еңбек еттік. Қазір мұнда көп нәрсе өзгерген. Біздің вахталық кентте барлық қажетті жағдайлар жасалған. Кәсіпорын өңірдің ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі, өндірісте және шығарылатын өнім сапасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуді жалғастыруда", -дейді Қадыртан Сағынбаев.

Кәсіпорында 15 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Камаз көлігінің жүргізушісі Болатбек Молдабаев "үздік қызметкер" төсбелгісімен марапатталды.

"Бүгінгі мерейтойда бізді ескеріп жатқандарына рақмет,барлық әріптестерімді мерекелерімен құттықтаймын. Жазда жұмыс барысында емдік курстары үшін қаражат бөледі, одан кейін он үшінші жалақыны береді. Мұның барлығы біз үшін үлкен көмек. Жұмыс істеп жатқаныма талай жыл болды, жұмысқа да  үйрендік", -дейді Болатбек Молдабаев.

15 жылдық мерейтой барысында "Қазмарганецтің" екі жүзге жуық қызметкерлері қаржылай сыйақымен марапатталды.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу