Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен "Теңізшевройл" мұнай компаниясының несиелік рейтингтерін бекітті. Құжат бойынша "ҚазМұнайГаздыкі" "ВВ", ал "Теңізшевройлдыкі" "ВВВ" деңгейінде белгіленді. Агенттік өзінің болжамын "тұрақты" деген межеден "негативтіге" өзгертті.
Бұған себеп болған - Brent cұрыпты мұнай бағасының жыл соңына дейін 30 баррельге шейін төмендеуі топтың қарыздық жүктемесінің қысқа мерзімді көтерілуіне әкеліп соғады деген болжам.
"Біздің ойымызша, S&P Global Ratings аналитиктері өзгерткен EBITDA көлемі 2020 жылы кемінде 40 пайызға қысқарып, 700-750 млрд теңге болады. Бұған шикізат бағасының төмендеуі мен бірлескен кәсіпорын дивидендтері көлемінің аз болуы түрткі", - деп жазылған агенттіктің ресми мәлімдемесінде.
Агенттіктің болжамынша, 2020 жылы барлау және өндіріс сегменттері табысты болмайды, ал құбыржол сегменті EBITDA көлемінің қысқаруын тежейтін болады.
S&P дерегінше, теңгенің әлсіреуі 2020 жылы EBITDA-ның қысқаруын шектейді. Бірақ топ бұған қатысты артықшылықтарын пайдалана алмайды:қарыздық жүктеме де өседі, өйткені қарыздың 93 пайызы шетелдік валюта арқылы қайтарылады.
"Дегенмен теңгенің әлсіреуіне қарыздық жүктеме тұрғысынан қарайтын болсақ,бұл фактор топ үшін тиімді. Өйткені оның капиталдық шығындары теңгемен белгіленген. 2021 жылы қаржы көрсеткіштерінің өсуіне бірлескен кәсіпорын дивидендтерінің көбеюі мен мұнай бағасының көтерілуі әсер етеді. Ал EBITDA 1,10-1,15 трлн теңгеге дейін өседі", - деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Егер 2021 жылы компанияның несие төлеу қабілеттілігі тұрақталса, мұнай бағасы қалыпқа келген жағдайда "FFO/қарыз" қатынасы 20 пайызға жетсе және топтың шығыны қатаң бақылауға алынса, агенттік КМГ рейтингісіне қатысты болжамын қайта қарастыруы мүмкін.
S&P "Теңізшевройл" компаниясына қатысты болжамын "негативті" деп өзгертті. Өйткені агенттік мұнай бағасының төмендеуінің "түзетілген қарыс/EBITDA" қатынасының өсуіне себепші болатынын күтіп отыр. Яғни болжам бойынша, көрсеткіш 2019 жылғы 0,65х деңгейінен 2020 жылы 3,1-3,5х деңгейіне дейін көтерілуі керек.
Табиғат Нұрболат