"ҚазМұнайГаз" өндірістік есебін жариялады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
3818

Ұлттық компания шоғырландырылған өндірістік және қаржылық нәтижесін жариялады.

"ҚазМұнайГаз" өндірістік есебін жариялады Фото: Серікжан Қобыланбаев

Елімізде мұнай-газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% -ға артты. Нәтижесінде өндіріс көлемі 5 939 мың тоннаға жетіп, тәулігіне 495 мың баррельді құрады.

Табиғи және ілеспе газ өндірісі 4,7% өсім көрсетіп, 2 173 млн текше метр өнім игерілді. Мұнай тасымалдау көлемі 6,7%-ға ұлғайып, 19 660 мың тонна болды. Ал газ тасымалдау көлемі өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 3,6%-ға азайып, 25,9 млрдтекше метр құрады.

Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі 1,1%-ға артып, 4 901 мың тоннаға жетті. Есептік кезеңде мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 0,9%-ға артып, 4 597 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар жеке өндірілген мұнай мен конденсат сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,8 %-ға өсіп, 5 922 мың тонна болды.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы шоғырландырылған өндірістік және қаржылық нәтижесін жариялағанда осындай мәлімет таратты.

Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сай жүргізілген есепте акционерлік қоғамға 2019 жылдың бірінші тоқсанында 1 765 млрд теңге кіріс кіргені айтылды.

"Компанияның таза пайдасы 51,4%-ға көбейіп, 309 млрд теңгеге жетті. Күрделі шығын 73 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 10,4%-ға төмен. EBITDA көрсеткіші 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 27,1% - ға өсіп, 517 млрд теңгеге жетті", – деп жазды ұлттық компанияның ресми ресурсы.

Компанияның көп болмаса да, қарызы бар екен. 

"2019 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша таза қарыз 2 356 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіштен 2,3% төмен", – деп хабарлады бұл туралы ұлттық компанияның сайты.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу