"ҚазМұнайГаз" ҰК акцияларын IPO-ға орналастыруды бастады

Қазақстандықтардан қанша өтінім түскені белгілі болды. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК акцияларын IPO-ға орналастыруды бастады Фото: KMG

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының орындалуын баяндаған ол "ҚазМұнайГаз" IPO-сына да тоқталды. 

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компониясы акцияларын қазақстандық – "Қазақстан қор биржасы" АҚ мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңында орналастыру процесі басталды", – деді  Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев IPO қатысты ақпарат берді. 

Үкімет отырысында ол "ҚазМұнайГаздың" IPO нәтижелеріне тоқталды. Барлығы жеке және заңды тұлғалардан 153,8 млрд теңгеге 128,7 мың өтінім түскен. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.

"Кеше Қордың директорлар кеңесі мен Үкімет "ҚазМұнайГаз" акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешімдер қабылдады. Қазақстан азаматтарының өтінішін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтардан түскен өтінімдердің жалпы саны – 128,7 мың, жалпы сомасы – 4,6 млрд теңге", – деді басқарма төрағасы.

Еске сала кетсек, инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылғы 9 қарашада басталып, институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылғы 30 қарашада, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылғы 2 желтоқсанда аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу