"Қазпошта" АҚ сатылады

1455

Компания жекешелендірілсе, ауылдардағы кейбір пошта бөлімшелері жабылуы мүмкін.

"Қазпошта" АҚ сатылады Фото: Максим Морозов

"Самрұқ Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Қазпошта" АҚ-ны сатылымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссия аталған кәсіпорынға тиесілі акциялардың бақылау пакетінің 51%-дан 100%-ға дейінгі бөлігін сатуға шешім қабылдаған.

Есеп комитеті "Қазпочта" АҚ-ны жекешелендіруге жататын компаниялар тізіміне енгізді.

"Әлеуетті инвесторлар қатарына Қазақстан халық банкі, Eurasian Digital Ventures LLP және "ТрансКом" консорциумы, "КУА "Алмалы" және "Хави Қазақстан" консорциумы жатуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ "Қазпошта" АҚ-ға тиесілі 51%-дан 100%-ға дейінгі акция пакетін бәсекелі ортаға берудің жоспарланған кестесі құрылды. 

"2022 жылғы 16 қаңтарға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры инвесторлар тізбесін анықтап, сатып алудың ең төменгі бағасын белгілеуге және мәмілені аяқтауды жоспарлап отыр", – деп жазылған хабарламада.

Есеп комитеті компанияның бақылау пакетін сату кезінде зейнеткерлер зейнетақы, ал тұрғындар сәлемдеме алатын рентабельді емес ауылдағы "Қазпошта" бөлімшелері жабылуы ықтимал екенін атап өтті.

"Қазпочта" АҚ-ның кең өңірлік желісі барын ескерсек, негізгі инвестордың рөлін екінші деңгейдегі банктер атқара алады. Олар пошта филиалдарын жауып, банктің филиалдарын пайдалануға мүдделі болады", – деп жазылған комитет таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу