ҚазТрансОйл ресейлік мұнайды Өзбекстанға тасымалдай бастады

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
3292

Осы жылдың соңына дейін тасымалданатын мұнай көлемі 80 мың тоннаны құрайды.

ҚазТрансОйл ресейлік мұнайды Өзбекстанға тасымалдай бастады

2017 жылдың 16 қарашасы күні Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарадағы қабылдау-өткізу бекетінде  "ҚазТрансОйл"АҚ-тың магистральды мұнай құбыры жүйесіне Қазақстан аумағы  арқылы Өзбекстанға тасымалданатын  ресейлік мұнайдың алғашқы партиясын қабылдады.

Жеткізу 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар  мәселесі туралы келісім шеңберінде  басталып отыр. Транзит Омбы- Павлодар-Шымкент-мұнай таситын Шағыр эстакадасы бағдары бойынша өтеді.

"Мұнай құбыр арқылы мұнай таситын Шағыр эстакадасына дейін айдалады, сол жерден теміржол цистерналарына құйылып, одан әрі темір жол арқылы Өзбекстанға дейін жеткізіледі", – деп компанияның баспасөз-қызметі "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досановтың сөзін жеткізді.

Мұнай жеткізу кестесіне сәйкес, қарашада, тасымалдау көлемі 30 мың тонна болады. 2017 жылдың соңына дейін осы бағдар бойынша 80 мың тоннаға дейінгі шикізат тасымалданады деп жоспарланып отыр.

2017 жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша, "ҚазТрансОйл"АҚ-тың магистральды мұнай құбыры жүйесіне 20,95 мың тонна қабылданып, "Шағыр" МТЭ-дан темір жол цистерналарына 13,3 мың тонна ресейлік мұнай тиелген.

Бұдан бұрын "ҚазТрансОйл" АҚ ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау құны 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін бір тоннаға ҚҚС-сыз 22,9 доллар болады деп бекіткен болатын. Бұл бағаның ішінде Ресейдің Қазақстанмен шекарасы бағыты – мұнай таситын "Шағыр" бекеті бойынша мұнай айдау құны бір тонна үшін ҚҚС-сыз 22,1 доллар және мұнай таситын "Шағыр" бекетінде мұнайды темір жол цистерналарына құю ҚҚС-сыз бір тонна үшін 0,8 доллар болады деп көрсетілген.

Өзбекстанға қосымша шикізат көлемі  Жизақ облысында салынып жатқан  мұнай өңдеу зауыты (2022-2023 жылдары бітеді) үшін қажет екенін атап кету керек. Бұл жерде әңгіме еліміздің аумағы арқылы жылына үш-бес миллион тонна тасымалдау туралы болып отыр.  Егер тасымалдау көлемі артатын болса, Қазақстан Шымкенттен Өзбекстанның шекарасына дейінгі тоқталып қойылған мұнай құбырын қайта іске қосу мүмкіндігін қарастырады.  Әңгіме кеңес кезінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шағыр ауылындағы мұнай айдайтын станцияны Өзбекстанмен байланыстыратын құбыр дайында болып отыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Құралай Абылғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу