ҚБТУ-ды сату ісіне қатысты сот

1627

ҚБТУ тағдыры ақпан айының соңына дейін шешіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚБТУ-ды сату ісіне қатысты сот Фото: inbusiness.kz

Істің мәні неде?

Алматы прокуратурасы Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "ҚазМұнайГаз" ҰК "АҚ мен "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры" ҚҚ (бұдан әрі-Қор) арасындағы "ҚБТУ" АҚ акцияларының 100% – АК сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Талапкер акциялардың құны төмендетілген деп санайды. Үшінші тұлғалар ретінде ҚБТУ АҚ және консалтингтік компания – акцияларға бағалау жүргізген Baker Tilly Kazakhstan Advisory ЖШС тартылды.

Даудың басы…

2003 жылдан бастап ҚБТУ акциялары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға тиесілі болды. 2015 жылы Үкіметтің қаулысымен акциялар пакеті бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын активтер тізіміне енді, өйткені бұл актив бейінді емес және негізгі мамандануға сәйкес келмеді, оны қолдау мен дамытуға инвестициялар ҚМГ үшін орынсыз деп танылды.

2018 жылы Baker Tilly Kazakhstan Advisory консалтингтік компаниясы "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ тапсырысы бойынша бизнесті бағалауды жүргізді, аталмыш бағалау электрондық сауда-саттықты (аукционды) өткізу кезінде акциялар пакетінің бастапқы бағасын айқындауға негіз болды. Электрондық конкурс ҚР заңнамасына сәйкес өткізілді. Қор байқауға жалпы негізде қатысты, адал сатып алушы ретінде әрекет етті және нәтижесінде сауда-саттықтың жеңімпазы атанды. Электрондық сауда-саттық қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен Қор арасында шарт жасалды.

Бастапқы бағасы 11,36 млрд теңге, ал қорытынды бағасы 11,37 млрд теңгені құрады. Осылайша, бұл актив бұған дейін мемлекеттік сауда-саттықта сатылған ең қымбат лоттардың біріне айналды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 2024 жылғы қаңтарда.

Сатып алған сәттен бастап акционерлер ҚБТУ-дың бас оқу корпусын жөндеуге қосымша 2 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Салымдардың жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеден асады.

Акция құнын қабілетсіз маман есептеген

Бұдан әрі прокуратура акциялар пакеті нарықтық құнынан 11 миллиард теңгеге төмен сатылды деп мәлімдейді. Талапкер екі аудиторлық компанияның – Dalel Consulting Group ЖШС және "Бизнес-аудит" ЖШС қорытындыларына сүйенеді. Осы компаниялардың атынан қорытындыны бір маман – активтің құнын есептеу кезінде арифметикалық қателік жіберген Трубачева Е.В. орындады. Сонымен қатар, Трубачевада бағалаушының біліктілік куәлігі жоқ, ол сарапшы және бағалаушылар палатасының сараптамалық кеңесінің мүшесі емес, яғни ҚР заңнамасына сәйкес бағалау туралы есептерге сараптама жүргізуге құқығы жоқ.

Қор ең жақсы бағаны ұсынды

2018 жылғы 09 Қарашада уәкілетті тұлғалар жасаған және қол қойған № 101747 электрондық сауда-саттық нәтижелерінің хаттамасынан "Оңтүстік "Басқарушы компаниясы" ЖШС, AGDS Group ЖШС мен қор сауда-саттыққа жіберілгені, яғни осы сауда-саттықты өткізу кезінде бәсекелестік ортаның болуы бөлігінде нормативтік актілердің талаптары сақталғаны анық көрінеді. Көрсетілген нормативтік актілерге және өткізілген аукционға (сауда-саттыққа) сәйкес процесте әлеуетті сатып алушылардың ең жақсы ұсыныстары айқындалды.

Сотта математикалық қателік жіберілді

Сондай-ақ, сотта Baker Tilly Kazakhstan Advisory консалтингтік компаниясының өкілі сөз сөйледі. Оның активтерді бағалауы нәтижесінде кезінде Қор ҚБТУ-дың 100% акциясын сатып алды.

"Бағалау туралы есепті тікелей орындаған өкіл ретінде мемлекетке 11 млрд теңге шығын келтіргені үшін айыптауды негізсіз деп санаймын, себебі математикалық қателік жіберілді. Е. В. Трубачева ұсынған қорытындыда үш еншілес кәсіпорынның құны екі рет ескерілді", - деді үшінші тараптың өкілі.

Baker Tilly Kazakhstan Advisory ЖШС өкілі баланстық құн нақты нарықтық құнды көрсетпейтінін, өйткені нарықтағы жағдайды ескермейтінін және оны нарықтық құнға теңестіруге болмайтынын айтты. Бағалау туралы есепте бағалаушымен жалғыз дұрыс әрң орынды деп санайтын тәсіл — кіріс тәсілі қолданылды. Сондай – ақ Тапсырыс берушінің талаптары ескерілді — компания қызметінің бейінін 10 жыл бойы сақтау, ғимаратты білім беру және ғылыми мақсаттарда мақсатты пайдалану. Есеп Халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес орындалды, онда объективтілік қағидаты сақталды.

"Сондай-ақ есепті ҚР талаптарына сәйкес бағалаушылардың біліктілік куәліктері бар құзыретті мамандар орындады", – деді үшінші тұлғаның өкілі.

Мерзімі аяқталды

Прокуратура өкілі Азаматтық кодекстің 185-бабына сілтеме жасай отырып, соттан сауда-саттық барысында орын алған заңбұзушылықтар туралы прокуратура тек 2022 жылдың желтоқсанында білгенін айтып, арыз беру мерзімін қалпына келтіруді сұрады. Алайда, қор өкілдері бұл мүмкін емес екенін атап өтті, өйткені Азаматтық кодекске сәйкес арыз беру мерзімін қалпына келтіру тек жеке тұлғаларға қатысты және тек дәлелді себептермен қолданылады, ал прокурор мемлекеттік органның өкілі.

Бұдан басқа, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 112-бабының 3-тармағына сәйкес, осы талап қою үшін талап қою мерзімі 2021 жылғы 15 желтоқсанда аяқталған шарт жасалған сәттен бастап 3 жылды құрайды.

Осы оқиғаларға байланысты ҚБТУ ғана емес, 6000-нан астам студенттің болашақ тағдыры туралы мәселесі шешілмей отыр. Біз ҚБТУ айналасындағы жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз, жаңалық болып жатса міндетті түрде хабарлаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу