Кейбір жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмауы мүмкін

Бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпейді. 

Кейбір жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жылыту маусымының басталуына өте аз уақыт қалды. Солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы  ауа-райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар. Сонымен бірге, кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары   уақытында аяқталмай қалуы мүмкін", – деді Премьер-министр. 

Мәселен, Теміртау қаласының 2-ші Жылу электр орталығында №4-ші қазандықты жөндеу   қазан айының соңына дейін ұзартылды. 

Жезқазған Жылу орталығындағы   №4-ші қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталған жоқ, ал №9-шы қазандықта жұмыстардың небары 4%-і ғана орындалған.

Ал Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізілуде.

"Сонымен қатар, жылыту маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеменің төмен болатынын ескерсек, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеу керек. Аталған өңір әкімдері Энергетика министрлігімен бірге   жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы маусымда қажетті жылу беруді   қамтамасыз етуі тиіс", – деген Смайылов МАЭК-ке тоқталды.

Айтуынша, МАЭК-те   №3-ші энергоблокты жоспарланған күрделі жөндеу 2024-ші жылға ауыстырылды,  бүгінде №2-ші энергоблокты апатты жөндеу жүргізілуде. 

"Өткен аптада мен Маңғыстау облысында болып, МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын ерекше бақылауда ұстауы қажет", – деді Үкімет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу